Консультативтік пункт ережесі - «Балдәурен» бөбекжай-бақшасы

Консультативтік пункт ережесі.